top of page

Е. С. Бозғұлов атындағы 

№249 мектеп-лицей

   Әйтеке  би кентінде жаңадан  бой  көтерген  көркі көз тартар көркем  ғимарат №249 мектеп – лицей оқшылардың  игілігіне  2009 жылы пайдалануға  берілді. Жаңа оқу ғимаратында баланың танымдық қабілетін дамытатын  64 оқу кабинеті, 529 орындық  мәжіліс залы, 3 спорт залы, спорт алаңы,  340 орындық асхана тәрбиеленушілерге қызмет көрсетеді.

   Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін  8 компьютер кабинеті, 1мультимедиа, 1 робототехника кабинеті, тілдерді жақсы үйрену үшін  2 лингофон кабинеттері  қарастырылған, қашықтықтан оқытуды жетілдіру мақсатында 13 интерактивті тақта кабинеттерге орналастырылған. Сонымен қатар мектепте дефектолог және логопед кабинеттері, өнер орталығы жұмыс жасайды. Химия, биология және физика пәндері бойынша 6 кабинет және 6 зертхана жұмыс жасайды. Оқушыларға кәсіптік білім беру мақсатында ер балалар үшін -2 аралас шеберхана, қыз балалар үшін -2 тігін шеберханасы және бастауыш сыныптар үшін -2 шеберхана қарастырылған.

   № 249 мектеп-лицей жанындағы «Айналайын» шағын орталығы 2012 жұмыс жасап келеді.

       2011-2012 оқу жылының 15 қыркүйегінде мектеп базасында бой көтерген  «Спорт және Өнер» орталығы - балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық бiлiм алуының және өзiн-өзi кәсiби айқындауының  бастау алаңы болып табылады.

«Спорт және Өнер» ҚББО-де  6- 18 жасқа дейінгі жас жеткіншектерді  шығармашылық тұрғыдан  өнерге баулып, заманауи техниканы меңгеруге үйретіп,саламатты өмір салтын ұстануға, спортқа бейім оқушыларға қосымша білім беріп, кәсіптің бір түріне бағдарлау, оны кеңінен насихаттау үшін түрлі жарыстарға, көрмелерге, конкурстарға дайындайды.Орталықта спорттық және  көркем-эстетикалық бағытында 4 үйiрме жұмыс iстейдi.Қазіргі  таңда 337 бала орталықта  жұмыс жасауда. Оқу  орнында  Аға Хан мәдениет  қоры  мен республикалық  Көкіл мектебінің «Мұрагер» бағдарламасы бойынша өнер сыныптары жұмыс жасауда,

 

            Қазіргі таңда білім ордасындағы   60  сыныпқа топтастырылған   1555  оқушыға  159  мұғалім дәріс беруде.

      2010-2018 оқу жылдары аралығында  893  оқушы мектепті бітірді,   65  оқушы «Алтын белгі», 22  оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Е. С. Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей

Тел: 8 724 38 27614

Пайдалы сілтемелер

logo_min.png
Баннер-каз.jpg
1280px-Логотип_портала_электронного_прав
big_dnevnik.ru.png
logo.png
bottom of page